11.10.2006, 14:34 6612

Қазақстан мен Польша Консулдық конвенцияның күшіне енуі туралы ратификациялық мадақтамамен алмасты

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Қазақстан мен Польша Консулдық конвенцияның күшіне енуі туралы ратификациялық мадақтамамен алмасты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісті хаттамаға ҚР СІМ-нің орынбасары Қайрат Ибдірахманов пен Қазақстандағы Польша елшісі Владислав Соколовски қол қойды.

Қазақстан Консулдық конвенцияны 2006-жылдың 4-шілдесінде бекіткен. Бұл құжат консулдық қарым-қатынастар жөніндегі 1963-жылғы Вена конвенциясының базасында жасалған. Оған республика 1993-жылы бірікті.

"Екі жақты консулдық конвенцияда Вена конвенциясының басты ережелері сақталған, тереңдетіле кеңейтілген құжат. Ол ұлттық заңнамалардың ерекшелігі мен Қазақстан мен Польша арасындағы қазіргі достық байланыстарға жауап береді",- деп хабарлайды СІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны