05.04.2010, 18:13 3386

Қазақстан мен Ресей президенттері Ұлы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге дайындық барысы туралы талқылады

Қазақстан мен Ресей президенттері Ұлы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге дайындық барысы туралы талқылады

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан резиденті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйін және даму келешегін талқылады. Сонымен бірге Ұлы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге және осы жылдың 8 мамырында Мәскеуде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммитіне дайындық барысы туралы әңгіме болды.

Иңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ және ШЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара ықпалдастығының мәселелері де сөз болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны