21.09.2006, 15:01 2783

Қазақстан мен Ресей жылдың аяғына дейін Біртұтас экономикалық кеңістік аясында кедендік одақ құруға бағытталған 39 келісімге қол қояды - Қазақстан президенті

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей жылдың аяғына дейін Біртұтас экономикалық кеңістік аясында кедендік одақ құруға бағытталған 39 келісімге қол қояды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерінің салықтық (қаржылық) тексеру органдары басшыларының кезекті сегізінші үйлестіру кеңесіне қатысушылармен болған бүгінгі кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мемлекет басшысының хабарлауынша, сондай-ақ, келесі жылдың наурыз айында тағы 30 құжатқа қол қою көзделуде. "Осы 70 заңды қабылдағаннан кейін біз басқаларды да бірігуге шақырамыз",- деді Н.Назарбаев.

"Бұл - нағыз интеграция. Егер біз төрт ел бірігіп, біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру арқылы басқаларына үлгі көрсете алсақ, онда бұл барлық елдер үшін пайдалы болмақ",- деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны