12.05.2008, 18:11 2583

Қазақстан мен Тәжікстан экономика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түспекші

Қазақстан мен Тәжікстан экономика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түспекші

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Тәжікстан экономика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түспекші. Бүгін Астанада екі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон осындай уағдаластыққа келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екі елдің ынтымақтастық қарқыны өте жоғары, дегенмен, оны өсіруге үлкен қор мен әлеует бар", - деді Э. Рахмон. Оның айтуынша, кейінгі екі жылда Тәжікстанда 47-ден аса қазақ-тәжік бірлескен кәсіпорны құрылды, оның 15-і Қазақстан капиталының толық қатысуымен құрылған.

Өз кезегінде Қазақстан президенті кейінгі бір жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 55%-ға өскенін атап өтті. "Жалпы алғанда екі ел арасында барлық талқыланатын мәселелер бойынша өзара түсіністік, ортақ көзқарас қалыптасқан, біз осындай қарым-қатынастың одан әрі жалғаса беруінен мүдделіміз", - деді Н. Назарбаев. "Дүниежүзін қаржылық дағдарыс жайлаған қазіргі күрделі кезеңде біз екі жақты қарым-қатынастың қыр-сырларын, өңірдегі ахуалды, әлемдегі жағдай мен ауған проблемасын тағы бір рет талқылаймыз, бұл бізді алаңдататын мәселе", - деді ол.

Ресми мәліметке сай, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша $300 млн асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны