09.04.2010, 16:22 3079

Қазақстан мен Түркия президенттері телефон арқылы әңгімеде екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жай-күйі мен келешегі жөнінде сөз қозғады

Қазақстан мен Түркия президенттері телефон арқылы әңгімеде екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жай-күйі мен келешегі жөнінде сөз қозғады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Түрік тарапының бастамасы бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының президенті Абдулла Гюль телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Қырғызстандағы жағдайды талқылап, бұл елде тұрақтылық пен құқықтық тәртіптің тезірек қалпына келеріне деген үміттерін білдірді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жай-күйі мен келешегі жөнінде сөз болды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Абдулла Гюльдің Қазақстанға жасайтын сапарының маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ, Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммит шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны