24.05.2010, 18:08 4078

Қазақстан мен Түркия президенттері Түркістан қаласына келді

Қазақстан мен Түркия президенттері Түркістан қаласына келді

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Абдуллаһ Гүлмен бірге Түркістан қаласына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мұнда мемлекет басшылары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін аралап көріп, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттермен кездесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: "Баршамыз байырғы баба - батыр түркінің кіндігінен өсіп-өнген ұрпақпыз. Тіліміз жақын, тілегіміз бір. Тағдырымыз ұқсас, тарихымыз ортақ" деді.

Кездесу барысында Түркия Республикасының президенті Абдуллаһ Гүлге оқу орнының құрметті докторы дипломы тапсырылды. Көрсетілген құрметке рахмет айтқан Абдуллаһ Гүл, Қазақстан президентінің жаһандық бейбітшілік пен өңірлік ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін ерекше атап көрсетті.

Сонымен қатар екі ел басшылары Қ.А. Яссауи кесенесінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны