02.02.2007, 17:21 2910

Қазақстан мен Украина бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды

КИЕВ. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Киевте Мариинск сарайында Украина мен Қазақстан президенттерінің төрағалығымен өткен украина-қазақстан келіссөздерінің нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Украина мен Қазақстанның 2007 - 2008 жылғы іс-әрекеттер жоспарына қол қойылды. "Құжатқа Украина президенті Виктор Ющенко мен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды", - деді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, екі ел үкіметінің арасындағы қазақстан мұнайын Украинаға тасымалдау және оның Украина аумағы бойынша өтуі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамағы қол қойылды. "Құжатқа Украинаның жанармай және энергетика министрі Юрий Бойко мен Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар және энергетика министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов қол қойды",- деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, Украинаның Львов облыстық мемлекеттік әкімшілігі мен Қазақстанның Маңғыстау облысының әкімшілігі арасында тауар-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны