20.06.2008, 11:47 2814

Қазақстан мен Венгрия үкіметтері экономикалық ынтымақтастықты дамытпақшы

Қазақстан мен Венгрия үкіметтері экономикалық ынтымақтастықты дамытпақшы

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бахыт Сұлтановтың Венгрия Республикасына сапары аясында 20 - 21 маусым күндері Қазақстан мен Венгрия үкіметтері экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды деп күтілуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келісімге Қазақстан жағынан Б. Сұлтанов, Венгрия жағынан - қаржы министрі Я. Вереш қол қоймақшы.

Келісім "сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Венгрия комиссиясының іс-қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжат болып табылады, бұл комиссияның бірінші отырысы биыл өтеді деп жоспарлануда".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Венгрия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бұған дейінгі үкіметаралық келісім Венгрияның 2004 жылдың мамыр айында Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуіне байланысты өз күшін жойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны