09.12.2008, 15:31 1586

Қазақстан Мумбайда болған тағылық актілерді қатаң айыптайды және лаңкестікпен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайды - мемлекеттік хатшы

Қазақстан Мумбайда болған тағылық актілерді қатаң айыптайды және лаңкестікпен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайды - мемлекеттік хатшы

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Мумбайда болған тағылық актілерді қатаң айыптайды және лаңкестікпен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев бүгін Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ашок Саджанхарды қабылдаған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытудың перспективасы кең екендігін мәлімдеді.

"Қазақстан мен Үндістан қарым-қатынасы жайында айтатын болсақ, бүгінде ол айтарлықтай кеңейіп келеді. Жоғары деңгейдегі байланыстар біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін", - деп мәлімдеді Қ.Саудабаев.

Ол президенттің Үндістан басшылығының келесі жылдың басында осы елге мемлекеттік сапармен келу жөніндегі шақыруын қабыл алғандығын атап көрсетті.

Біз Елбасының бұл сапарына үлкен маңыз береміз және ол Қазақстан-Үндістан қарым-қатынасын сапалы жаңа деңгейге көтереді деп үміттенеміз", - деп атап өтті ҚР мемлекеттік хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны