18.03.2008, 18:30 2644

Қазақстан мұнай, транспорт және энергетика салалары бойынша Изербайжанмен ынтымақтастыққа басымдық береді - Қазақстанның Изербайжандағы елшісі

Қазақстан мұнай, транспорт және энергетика салалары бойынша Изербайжанмен ынтымақтастыққа басымдық береді - Қазақстанның Изербайжандағы елшісі

Баку. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мұнай, транспорт және энергетика салалары бойынша Изербайжанмен ынтымақтастыққа басымдық береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Серік Пірімбетов бүгін Бакуде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан мұнай, транспорт және энергетика салалары бойынша Изербайжанмен ынтымақтастыққа басымдық береді. Сонымен бірге қазір 350 млн АҚШ долларын құрап отырған өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуға талпыну керек. Тауар айналымының басым бөлігі Қазақстан тауарларын Изербайжанға импорттау иемденеді, ол шамамен $200 - 222 млн құрайды, ал Изербайжаннан Қазақстанға экспортталатын тауар $128 млн шамасында ғана", - деді С. Пірімбетов.

"Екі елдің мемлекет басшылары өзара тауар айналымын $1 млрд жеткізу міндетін қойған, оны біз $450 - 500 млн аралығында ұстап тұра аламыз", -деді дипломат.

Бұған қоса С. Пірімбетов Баку мен Астана арасында тікелей әуе қатынасын ортану қажеттігіне тоқталды.

"Мен бұл мәселені "Эйр Астана" компаниясымен талқыладым, бірақ оны жүзеге асыру үшін оның экономикалық тиімділігін бағалау керек", -деді елші.

Қазақстанның Ақтау-Баку бағытында теңізбен астық тасымалдау көлемін ұлғайту жоспарына тоқталған С. Пірімбетов бұл көлемді ұлғайтуға Каспий теңіз кеме шаруашылығы (Каспар) компаниясының тариф саясатын қайта қарауы септігін тигізетінін атап өтті.

"Қазір Қазақстан астығының басым бөлігі темір жолмен Каспийді айналып өтіп, Махачкала арқылы тасымалдануда. Егер Каспардың жүк тасымалдау тарифтері сәл төмендеу болса, онда жүкті жеткізу аз уақыт алып, астық жеткізу көлемі ұлғая түсер еді. Алайда, біз Баку астық терминалы жұмыссыз тұрып қалмауы үшін белгілі көлемде астық жеткізілімін қамтамасыз ету мәселесін көтеретін боламыз", -деді Қазақстан елшісі.

Ал Қазақстан мұнайын Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жайында сөз қозғаған С. Пірімбетовтың айтуынша, "бұл Қашаған кенішінде мұнай өндіру мерзімі мен көлеміне және мұнай транзиті тарифінің мөлшеріне байланысты мәселе болмақ".

Елші сонымен бірге ағымдағы жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі тілдес мемлекеттердің саммитіне қатысу үшін Изербайжанға сапармен келетінін хабарлады.

БҰҰ бас ассамблеясында жуырда дауысқа салынған Изербайжанның Нагорный Карабах жөніндегі резолюциясының жобасы бойынша Қазақстанның бейтарап саясат ұстануына қатысты түсініктеме берген елші бұл оқиға Қазақстан мен Изербайжанның арақатынасына салқынын тигізбеуге тиіс деді.

"Екі ел арасындағы қарым-қатынасты осы резолюцияға қарап бағалауға болмайды. Екі ел арасында достық қаныас бар және ол жалғаса береді, және олар қандай резолюциядан да асқақ. Қазақстан әрдайым Изербайжанның аумақтық біртұтастығын және Нагорный Карабах шиелінісінің бейбіт жолмен шешілуін қолдап келді, біздің ұстанымызы - осы. Сонымен бірге біз Изербайжанмен де, Армениямен де достық байланысты жалғастыра бергіміз келеді", -деп мәлімдеді С. Пірімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны