16.05.2007, 13:22 3467

Қазақстан парламенті депутаттарының саны 154-ке жетеді - президент (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті депутаттарының саны 154-ке жетеді. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Парламент депутаттарының жалпы саны 38 адамға артып, 154 болмақ. Бұл 15 млн халқы бар еліміз үшін қалыпты пропорция",- деді Н.Назарбаев. "Басқа мемлекеттердегі осындай арақатынасты зерделеп шығу арқылы біз бұл еліміз үшін лайықты сан деген байламға келдік",- деді президент.

Н.Назарбаевтың түсіндіруінше, парламенттің қос палатасының да депутаттарының саны артады. "Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы қабылданды. Сенат депутаттарының саны президенттік квотаны 7-ден 15-ке дейін арттыру есебінен көбейетін болды. Олардың бір бөлігі Қазақстан халықтары ассамблеясымен кеңестен кейін тағайындалатын болады",- деді мемлекет басшысы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, мәжіліс депутаттарының саны 30 адамға артып, 107-ке жетпек. "98 депутат пропорционалдық жүйемен сайланса, 9 депутат Қазақстан халықтары ассамблеясының атынан өкілеттілік алады. Бұл Қазақстандағы халықтардың мүддесін ескеру үшін жасалумен бірге ол қоғамды одан әрі біріктіруге қызмет етеді",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны