26.09.2006, 16:30 2912

Қазақстан президенті АҚШ-қа сапарын Буштар отбасының атақонысынан бастайды

АЛМАТЫ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапарын Буштар отбасының Атлант мұхитының жағалауы Мэн штатындағы Кеннебанкпорт түбіндегі көне атақонысынан бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Кеннебанкпортта Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Бушпен кездеседі.

АЛМАТЫ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапарын Буштар отбасының Атлант мұхитының жағалауы Мэн штатындағы Кеннебанкпорт түбіндегі көне атақонысынан бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Кеннебанкпортта Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Бушпен кездеседі.

Мэн штатынан Қазақстан президенті Вашингтонға аттанады. Онда ол АҚШ конгрессі мен үкіметі мүшелерімен, сондай-ақ, АҚШ-тың іскерлік өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізеді.

Бейсенбіде Н.Назарбаев АҚШ астанасындағы Қазақстан елшілігі аумағында Қазақстан тәуелсіздігінің құрметіне арналған ескерткіштің ашылуына, сондай-ақ, "Ядролық қатерді азайту жөніндегі бастама" қорының басшысы Тед Тернердің Вашингтонда қазақ президентінің құрметіне беретін қонақасына қатысады.

Жұма күні Ақ үйде Н.Назарбаевты АҚШ президенті Джордж Буш қабылдайды. "Қазақстан мен АҚШ президенттері демократияны ілгерілету, лаңкестікпен күрес, энергетиканы диверсификациялау, гүлденуді жаппай тарату және бостандық пен қауіпсіздік аясын кеңейтуге бағытталған біздің ортақ талпынысымыз сынды кең көлемді мәселелерді талқылайды",- деп мәлімдеді сапар қарсаңында Ақ үйдің баспасөз хатшысы Тони Сноу.

Ақ үйдің баспасөз қызметі "Қазақстан - АҚШ-тың маңызды стратегиялық әріптесі" екенін баса атап көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны