16.06.2009, 11:35 1170

Қазақстан президенті Екатеринбург қаласында Үндістан премьер-министрімен кездесті

Қазақстан президенті Екатеринбург қаласында Үндістан премьер-министрімен кездесті

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Үндістанға шақыруыңыз үшін ризамын. Бізде Делидегі келіссөздер сәтті өтті. Сапар бағдарламасы толық іске асты. Оның қорытындысына мен ризамын. Біз экономиканың түрлі салалары бойынша нақты келісімдерге қол жеткіздік", - деп атап көрсетті Елбасы үнді премьерімен болған кездесуде.

Одан кейінгі әңгіме жабық есік жағдайында өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Н.Назарбаев Үндістанда мемлекеттік сапармен болып қайтқан болатын. Қазақстан президентінің сол жолғы сапарында ядролық энергетика, ақпараттық технологиялар салаларында құжаттарға қол қойылды. Тараптар стратегиялық серіктестікті дамытуға әзірліктерін білдірді.

Қазақстан саяси тұрғыда Үндістанмен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында ынтымақтасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны