22.02.2010, 18:00 3085

Қазақстан президенті Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Қазақстан президенті Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кездесуден кейінгі брифингте С. Лавров қазақстандық әріптесімен бірге президенттер деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға бағытталған қадамдарды әзірлеуге арналған келіссөздердің қорытындысы жайлы айтып бергендерін жеткізді.

"Ол уағдаластықтар біздердің екіжақты қарым-қатынастарымызға, әртүрлі көптарапты құрылымдарға қатысуымызға да қатысты. Ресей биыл ТМД-ға, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауда" дедіС. Лавров.

"Біздің елдер ҰҚШҰ-ға және ЕурАзЭҚ-қа кіреді, Беларусь Республикасымен бірлесе Кедендік одақты құрып отырмыз", - деп еске салды С. Лавров.

"Бізде талқылайтын, өз көзқарастарымызды салыстыратын тұстар көп. Қанағаттана айта алатыным мынау: осы барлық бағыттар бойынша біздің ұстанымдарымыз ортақ, біз - стратегиялық серіктестерміз әрі одақтастармыз", - деді РФ СІМ.

"Бүгінгі келіссөздер барысында ағымдағы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға, Ресейдің ТМД-ға төраға болуында табысты қамтамасыз ететін тәжірибелік қадамдар жайлы келістік", - деді С. Лавров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны