07.09.2007, 13:02 2687

Қазақстан президенті Тәжікстанға сапары аясында бизнес-форумға қатысады - "Қазинвест"

Қазақстан президенті Тәжікстанға сапары аясында бизнес-форумға қатысады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 13 мен 14 аралығында өтетін Тәжікстанға ресми сапары аясында бизнес-форумға қатысады, деп хабарлайды агенттік Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі "Қазинвест" орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар аясында, 13 қыркүйекте, екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан және Тәжікстан бизнесі өкілдеріне арнап "Қазақстан-Тәжікстан: инвестициялық ынтымақтастық перспективалары" атты бизнес-форум өткізу межеленген",- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бизнес-форум барысында экономиканың шикізаттан өзге салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау межеленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны