28.11.2006, 17:09 2938

Қазақстан президенті ТМД саммитіне қатысу үшін Минск қаласына келді

МИНСК. 28-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД саммитіне қатысу үшін Минск қаласына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Қазіргі сәтте Молдова президенті Владимир Воронин, Грузия президенті Михаил Саакашвили, Украина мемлекет басшысы Виктор Ющенко, Армения президенті Роберт Кочарян Минскіге ат басын тіреді.

Саммитке ТМД-ға қатысушы 11 елдің президенттері қатысады: Беларусь, Изербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина. Түрікменстаннан осы елдің вице-премьері келмекші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД саммитінде Достастықты реформалауға қатысты ұстанымдарды келісу - күн тәртібіндегі өзекті мәселе ретінде қаралады.

жалпы алғанда отырыс күн тәртібінің жобасына 21 мәселе қамтылған. Олардың тақырыбы сан алуан және олар гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық салаларындағы дамуға, қауіпсіздікке және жаңаша қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.

Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімнің жобасы, ТМД мемлекет басшыларының заңсық көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру туралы мәлімдемесі, ТМД экономикалық сотының мәртебесі туралы 1992-жылғы 6-шілдедегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама секілді құжаттар президенттердің назарына ұсынылады.

13 құжатқа талқылаусыз қол қою межеленген. Атап айтсақ, лаңкестікті қаржыландыруға және қылмыстық жолмен тапқан пайданы заңдастырып алуға қарсы күрес туралы келісімге; қылмыстық сот өндірісіне қатысушыларды қорғау туралы келісімге; ТМД-ға қатысушы елдердің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі 2007-2010-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына; 1941-1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісті мәңгілік тойлау туралы шешімдер.

Бұған қоса ТМД Антитеррорлық орталығы туралы ережелерге, шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. "Сонымен бірге ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы шешімдер, соның ішінде ТМД мақтау қағазымен марапаттау туралы, ТМД экономикалық соты төрағасының орынбасары туралы шешімдердің күші жойылады.

2006-жылдың мамыр айынан бері ТМД-ға Қазақстан төрағалық жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны