13.09.2006, 17:43 2761

Қазақстан президентінің АҚШ-қа ресми сапары барысында экономикалық ынтымақтастық мәселесі талқыланады

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президентінің АҚШ-қа ресми сапары барысында экономикалық ынтымақтастық мәселесі келіссөздердің басты тақырыбына айналмақ. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Екі ел арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе, экономика және діни саясат мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтеретін мерзім жетті",- деді Н.Назарбаев.

"Қазір Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту үшін жұмыс істеп жатыр, индустриялық бағдарламаны жүзеге асыруда, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға ұмтылып отыр. Бұл мәселелердің бәрі келіссөздердің тақырыбы",- деді мемлекет басшысы.

"АҚШ біздің тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындаған елдердің бірі. Қазақстанға тартылған 50 млрд. доллар көлеміндегі инвестицияның үштен бір бөлігі АШҚ-тың үлесінде",- деді ол.

Қарусыздану мәселесінде де АҚШ пен Қазақстан ынтымақтаса жұмыс істеді, деді ол. "Біз ядролық қарудан бас татқан кезде АҚШ-тың қолдауына ие болдық. Бұл біздің қауіпсіздігіміз бен аумақтық біртұтастығымызға кепіл болды. Біз үшін ол аса маңызды жайт еді ",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны