12.09.2007, 17:44 3070

Қазақстан президентінің Тәжікстанға ресми сапары басталды

Қазақстан президентінің Тәжікстанға ресми сапары басталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. ДУШАНБЕ. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстанға ресми сапары басталды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

Н.Назарбаевтың сапарының аясындағы барлық ресми шаралар бейсенбіде басталады.

Бұрын хабарлағанымыздай, сапар аясында екі ел басшыларының арасында шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша, бірқатар екі жақты құжаттарға, соның ішінде ең негізгісі - бірлескен қазақ-түрікмен коммюникесіне қол қойылады.

Екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы делегациялардың қатысуымен өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жайын талқылайды. Келіссөздердің өзегі тау-кен өнеркәсібіндегі, су энергетикасындағы, банк және құрылыс салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері болады деп күтілуде.

Сапар аясында, 13 қыркүйекте, екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан және Тәжікстан бизнесі өкілдеріне арнап "Қазақстан-Тәжікстан: инвестициялық ынтымақтастық перспективалары" атты бизнес-форум өткізу межеленген.

Іскерлік форум барысында жарғылық капиталы 100 миллион АҚШ доллары болатын, Тәжікстан аумағындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналған қазақ-тәжік инвестициялық қорын құру туралы келісімге, Инвестиция және сауда саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

Сол күні Тәжікстан президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығында Н. Назарбаев Тәжікстан Мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездеседі.

Бұдан кейін қазақстан мемлекет басшысы Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының төрағасы Сайдулло Хайруллоевпен кездеседі.

Тәжістанның экономикалық даму министрлігінің мәліметтерінше, Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сыртқы тауар айналымы ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында $200,4 млн жетті. Жеті айда Қазақстаннан Тәжікстанға 183,2 млн доллардың тауарлары экспортталды. Осы мерзімде Тәжікстаннан Қазақстанға 17,1 млн доллардың тауарлары жіберілді.

Қазақстан Тәжікстанға мұнай, ұн және жарма өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Тәжікстан мақта мен жеміс-көкөністер шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны