10.09.2007, 17:13 2700

Қазақстан президентінің Тәжікстанға сапары аясында қазақ-тәжік инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылады

Қазақстан президентінің Тәжікстанға сапары аясында қазақ-тәжік инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10-қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 12-13 қыркүйекте өтетін Тәжікстан Республикасына ресми сапары аясында жарғылық капиталы 100 миллион АҚШ доллары болатын қазақ-тәжік инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстанға сапары аясында жарғылық капиталы 100 миллион АҚШ доллары болатын, Тәжікстан аумағындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналған қазақ-тәжік инвестициялық қорын құру туралы келісімге, Инвестиция және сауда саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда",- деді Е.Ашықбаев.

Елшінің хабарлауынша, екі ел президенттері бұл құжаттарға "Қазақстан-Тәжікстан: бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы іскерлік форум барысында қол қояды.

Екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы делегациялардың қатысуымен өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жайын талқылайды. Бұл орайдағы келіссөздердің өзегі тау-кен өнеркәсібіндегі, су энергетикасындағы, банк және құрылыс салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, сапар барысында президент Н. Назарбаевтың "Қазақстандық бағыт" кітабының тәжік тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны