08.11.2006, 09:46 2685

Қазақстан Ресейден алшақтауды көздейді деген пікір шындыққа жанаспайды - ҚР СІМ басшысы

АЛМАТЫ. 8 қараша . Kazakhstan Today. ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Мәскеуде айтылып жүрген "республика Ресей Федерациясынан алшақтауға тырысуда" деген пікірге қосылмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Қ.Тоқаев "Московский комсомолец"газетіне берген сұхбатында ,"мұндай пікір шындықтан алшақ",-деп мәлімдеді. "Ресейдің географиялық орналасуына байланысты және оның экономикалық дамуын ескерсек, ондай әрекет мүмкін емес. Оған қоса, екі елдің бір-біріне қатысты міндеттемелері бар",-деді дипломат.

"Қазақстан әуел бастан минералды шикізаттарды әлем нарығына жеткізуде көп векторлы тұжырымдаманы таңдады",-деді Қ.Тоқаев. Бірақ бұл ретте де , оның пікірінше, "Ресейдің сыртынан жүргізіліп жатқан қитұрқы әрекет жоқ". "Қазақстанға тек бір ғана бағытта жұмыс істеу тиімді емес. Қазіргі заманғы әлемдік экономикадағы диверсификация тұрақтылық пен кез келген елдің энергетика саласының нәтижелі дамуының белгісі",-деп атап өтті министр.

Қ.Тоқаев алдағы уақытта кириллицадан латын әліпбиіне көшу жоспары да Қазақстанның Ресейден алшақтауының белгісі емес, деп есептейді. "Қазақстанда орыс тілі мемлекеттік органдарда да , қоғамдық өмірде де қажет. Орыс тілі арқылы біз Ресей мәдениеті мен ғылымы сияқты маңызды салаларға араласа аламыз. Орыс тілі -қазақ халқының дәулеті",-деді дипломат. "Бірақ,-деді ол,-бүгінде ағылшын тілін білмей ұлттың шынайы бәсекелестік қабілеті туралы айту қиын. Сондықтан да барлық Кеңестік кеңістікте либералды боп танылған тіл саясаты аясында үш тілді дамытуды жоспарлап отырмыз". "Он жылдан кейін қазақстандық мектептердің түлектері қазақ , орыс және ағылшын тілдерін бірдей меңгеріп шығуы тиіс" ,-деді министр. Ал "латын әліпбиіне көшу үшін уақыт қажет",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны