18.07.2007, 10:37 1323

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды ұсыну кеше аяқталды

АСТАНА. 18-шілде. Kazakhstan Today. 17 шілдеде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған деректерге сәйкес 2007 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 7459 кандидат ұсынылды.

Облыстық мәслихаттарға 1244 кандидат ұсынылды, оның ішінде: Астана қаласының мәслихатына 86 кандидат, Алматы қаласының мәслихатына 66 кандидат, аудандық мәслихаттарға 4817 кандидат, қалалық мәслихаттарға 1398 кандидат ұсынылды.

Мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 7459 кандидаттан 2843 тіркелді.

Олардан: облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының депутаттығына 405 кандидат; аудандық мәслихаттар депутаттығына 1986 кандидат; қалалық мәслихатар депутаттығына 452 кандидат.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 23 шілде бойынша жалғасады, ал сайлау алдындағы үгітке кандидаттар 24 шілдеде кіріседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны