02.02.2009, 18:36 2910

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы 2-6 ақпан аралығында Америка Құрама Штаттарында іссапармен болады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы 2-6 ақпан аралығында Америка Құрама Штаттарында іссапармен болады

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев 2-6 ақпан аралығында Америка Құрама Штаттарында іссапармен болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Американдық тараптың шақырумен ҚР Мемлекеттік хатшысы Ұлттық таңғы ғибадаттық асқа қатысады. Аталған іс-шара жыл сайын ақпан айынның басында Вашингтон қаласында өтеді. Бұған АҚШ Президенті, Вице-Президенті, АҚШ Конгрессі мен Президент Икімшілігі, сонымен қатар шақырылған шет елдің қонақтары өзара түсіністік пен әлем саясаткерлер арасындағы сенімді нығайту мақсатында қатысады.

Сапар барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы АҚШ Президент Икімшілігі өкілдерімен және Қазақстан және Орта Азия жөніндегі жетекші сарапшы орталықтарымен кездесулер өткізбек.

Нақтылап айтсақ, Қ.Саудабаевтың "Ядролық қауіп-қатерді азайту бастамасы" қорының директорлар кеңесінің жиналысында, қадірлі қонақ ретінде Монтерей халықаралық зерттеу институтында кешкі асында сөз сөйлеуі және АҚШ-тың жетекші ғылыми зерттеу орталығы болып табылатын Карнеги қорында американдық саясаткерлер, сарапшылармен "дөңгелек үстелде" пікір алысуы жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны