14.10.2008, 16:48 3094

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы АҚШ елшісі Ричард Хоугландпен кездесті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы АҚШ елшісі Ричард Хоугландпен кездесті

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев бүгін Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың жаңа елшісі Ричард Хоугландпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иңгімелесушілер екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және алдағы уақытта оны нығайтудың перспективасын талқылады. Кездесуде Қазақстан мен АҚШ-тың ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестігі өзара мүдделестіктің және қауіпсіздік, экономика, энергетика мен демократиялық құндылықтарды алға жылжыту салаларындағы көптеген жылдар бойғы табысты ынтымақтастықтың берік іргетасына негізделетіні аталып өтілді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың таяудағы Қазақстанға сапары және оның Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздері екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дәйекті дамитынының айғағына айналды. Сапарының қорытындысы бойынша К.Райс: "Қазақстан - осы өңірдегі өте маңызды мемлекет. Мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігі де Қазақстанмен жақсы әрі берік қарым-қатынастарды ұстанады деп сенемін", деп мәлімдеді.

"Мен біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік бұдан әрі де кеңейіп және дами түсетініне сенімдімін, және де бұл үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға ниеттімін. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласы мен басқа да салаларда АҚШ-тың және өзге де елдердің ерекше маңызды әрі ауқымды әріптесі болып табылады, және де біз одан әрі де тығыз ынтымақтастыққа ниет білдіреміз", - деп мәлімдеді кездесуде Р.Хоугланд.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны