22.02.2010, 17:39 3123

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ресми сапармен Қытайға барады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ресми сапармен Қытайға барады

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - 22 және 24 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ресми сапармен Қытайға барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл Қанат Саудабаевтың сыртқы істер министрі лауазымындағы Пекинге бірінші сапары болып табылады.

Қанат Саудабаев көршілес мемлекеттің басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізіп, солардың барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқыламақ.

Сондай-ақ, отандық сыртқы істер ведомствосының басшысы Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясында "Қазақстан және Қытай: аймақтағы бейбітшілік пен өрлеуге бағытталған стратегиялық әріптестік" тақырыбында сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Қанат Саудабаевтың Қытайға сапары екіжақты саяси үнқатысуды одан әрі дамытуға және дипломатиялық мекемелер басшыларының кездесулерін тұрақты түрде өткізу тәжірибесін орнықтыруға, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны