19.03.2009, 18:46 3324

Қазақстан Республикасының президенті Нұсұлтан Назарбаев 23-25 наурызда Финляндия Республикасына бірінші мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Республикасының президенті Нұсұлтан Назарбаев 23-25 наурызда Финляндия Республикасына бірінші мемлекеттік сапармен барады

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұсұлтан Назарбаев 23-25 наурызда Финляндия Республикасына бірінші мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сапар барысында Елбасының Финляндия басшылығымен және іскер тобымен кездесулері мен екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Сапар бағдарламасы бойынша Финляндияның беделді сыртқы саяси форумы - Паасикиви қоғамында Елбасы Н.Назарбаев сөз сөйлейді, сондай-ақ, фин тілінде жарық көрген "Қазақстандық жол" кітабының тұсаукесер рәсімі, сондай-ақ "Отаниеми" технопаркіне бару және Финляндияның іскер топтарымен кездесу көзделген.

Бұл сапар Қазақстан- Финляндия қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін аса маңызды.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтсақ Еуропалық Одақпен ілгерілетілген серіктестік туралы жаңа келісімге қол қою, "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны