30.11.2009, 13:38 2864

Қазақстан, РФ мен Беларусь жарты жылдың ішінде өз заңнамасын Кедендік одақ бойынша уағдаластықтарға сәйкестендіруге тиіс - Қазақстан премьері

Қазақстан, РФ мен Беларусь жарты жылдың ішінде өз заңнамасын Кедендік одақ бойынша уағдаластықтарға сәйкестендіруге тиіс - Қазақстан премьері

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан, РФ мен Беларусь жарты жылдың ішінде өз заңнамасын Кедендік одақ бойынша уағдаластықтарға сәйкестендіруге тиіс. Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін "Сарапшы 100 - Қазақстан" атты экономикалық форумда мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Минск қаласында жұма күні үш мемлекет басшысы Кедендік одақты құру жөніндегі келісімге қол қойды. Біз бұл үдерісті әлі де толық сезіне қойғамыз жоқ, бірақ ол біздің одан әрі дамуымыздағы аса бір өзекті дәуір", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, мемлекет басшылары сонымен бірге біртұтас Кедендік кодекс жасау туралы шартқа да қол қойды, "ол барлық үш мемлекеттің де аумағында жұмыс істейді және жарты жылдың ішінде ұлттық үкіметтер ел ішіндегі заңнамаларын сәйкестендіруге тиіс".

Сондай-ақ, оның айтуынша, 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында үш елдің үкімет басшыларының кездесуі, ал 18 желтоқсанда Алматыда үш мемлекет басшысының кездесулері өткізіледі, оларда Біртұтас кедендік кеңістік құру мәселелері талқыланады.

Кедендік одақты құрудың тиімділігі туралы сөз қозғаған премьердің айтуынша, "келесі жылы біз көптеген аса қызғылықты экономикалық процестерге куә боламыз". "Бұдан, тұтынушы сөзсіз ұтады, ал өнім өндіруші бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны