24.10.2006, 09:18 3146

Қазақстан сыртқы істер министрі АҚШ-тың, Францияның және Бразилияның елшілерін қабылдады

АСТАНА. 24 қазан. Kazakhstan Today.Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бірқатар мемелекеттің елшілерін қабылдады,-деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

АҚШ елшісі Джон Ордвеймен кездесу барысында дипломаттар саяси және экономика салаларындағы екі жақты қарым -қатынас туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, екі жақты ықпалдастықтың күн тәртібіндегі маңызды мәселе , Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа қыркүйек айындағы сапары барысында қол жеткен келісімдерді жүзеге асыру, деп атап өтті дипломаттар.

Сондай ақ , СІМ Франция елінің жуырда тағайындалған елшісі Ален Куанон мен Бразилия Федералды Республикасының бірінші елшісі Эстрадо Мейерді қабылдады.

"Француз дипломатымен кездесу кезінде , Қазақстан мен Франция ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар жақын арада Франция президенті Жак Ширактың Қазақстанға сарпарын ұйымдастыруды, сауда экономикалық қарым-қатынасты кеңейту, сонымен қатар фанцуз елшілігін Астанаға көшіру мәселелерін талқылады",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

СІМ баспасөз өқызметі таратқан хабарламада , " Бразилияның бірінші елшісімен ауыл шаруашылығы, энергетика , экология мәселелері мен келісім құқықтық негізді кеңейту жөнінде әңгіме болды" ,- деп көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны