30.11.2007, 18:29 6195

Қазақстан Үкіметтік емес ұйымдардың ЕҚЫҰ қызметіне қатысуын қолдайды

Қазақстан Үкіметтік емес ұйымдардың ЕҚЫҰ қызметіне қатысуын қолдайды

Алматы. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҰЫҰ төрағасы ретінде 1992 жылғы Хельсинки құжаты мен 1994 жылғы Будапешт құжаттарына сәйкес, негізгі ашықтық қағидаларын сақтап, Үіметтік емес ұйымдардың ұйым қызметіне ашық қатысуын қадағалап, орындайтын болады. Бұл туралы ҚР СІМ Марат Тәжин ЕҰЫҰ мүше елдерінің СІМК 15-отырысының кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік.

"Біз Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының мандатын сақауға шақырамыз", - деп мәлімдеді М. Тәжин.

М. Тәжиннің сөздері бойынша, ҚР ішкі саясатта маңызды мәселелерді қарастыратын жалпы ұлтаралық диалог алаңын құрудың үлкен тәжірибесі бар. Соңғы жылдары елде түрлі комиссиялар жұмыс жасап, олардың бірі - мемлекет басшысының төрағалығымен жұмыс істеген демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссиясында осындай дискуссиялардың қорытындысы жасалып, конституциялық реформалардың құжаты дайындалып, ол биыл парламентте қабылданды.

СІМ басшысы атап өткеніндей, 2007 жылдың 11 қарашасында, мәжілістің шешімімен қоғамдық палата құрылып, онда барлық мүдделі жақтар өздерінің экономикадағы, мемлекеттік саяси дамуына қатысты көзқарастарын айтып, оны жүзеге асыру механизмдерін дайындай алады.

"Қазақстан саяси және билік қабылдаған процестерді либерализациялау, ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтар мен билік арасында қарым-қатынас орнатудың тиімді модельдерін құруға шаралар қабылдады", - деп мәлімдеді М. Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны