11.12.2007, 15:40 2226

Қазақстан үстіміздегі жылы сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жетті

Қазақстан үстіміздегі жылы сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жетті

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2007 жылы сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жетті. Бұл туралы бүгін мәжілістің халықаралық істер және қорғаныс комитеті депутаттарының көшпелі отырысы барысында сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тәуелсіздік алғаннан бері 16 жыл ішінде ішкі және сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге қол жеткіздік",- деді ол. "Халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында, әсіресе, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары ұйымы, ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ЕурАзЭҚ сияқты ұйымдар аясында Қазақстанның рөлі мен беделінің оңға басқандығы атап өту керек",- деді министр.

Сыртқы істер министрі "осы жыл Қазақстанды халықаралық тұрғыдан мойындаудың көптеген үлгілері бой көрсетті", деп атап өтті. "Қазақстан 2007 - 2009 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік-экономикалық комиссиясының мүшесі болып таңдап алынды, республикамыз Дүниежүзілік туристік ұйымның Атқарушы комитетіне 5 жыл мерзіммен - 2011 жылға дейін кірді, еліміз 4 жылға БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының басшы кеңесінің мүшесі болды",- деп еске сала кетті министр. "Біз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бәсекелестікке қабілеттілігінің тағы бір дәлелі ретінде Қазақстанның 2010 жылы төрағалық етуі туралы шешім қабылдаған ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінің қорытындысы екендігін айта аламыз. Бұл, ең алдымен, біздің барлық жетістіктеріміздің қомақты халықаралық легитимизациясы",- деп атап көрсетті М. Тәжин. "Қазақстан ЕҚЫҰ арқылы құрлықтық және жаһандық проблемаларды шешуге қатысу мүмкіндігін алады",- деп атап көрсетті ол.

М. Тәжин сондай-ақ, "Қазақстанның сыртқы саясатындағы артықшылықтары тұрақты", деп атап көрсетті. Ол, олардың "Ресеймен одақтастық қатынастарды, Қытаймен көршілес өзара тиімді ынтымақтастықты, АҚШ-мен стратегиялық серіктестікті және Орта Азияның көршілес мемлекеттерімен өзара тиімді тығыз бірігуді дамытуға бағытталған", деп нақтылады. "Біз Еуроодақ елдерімен экономикалық ықпалдастықты, Азия және мұсылман әлемінің жетекші мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды кеңейтудеміз",- деп қосты ол. "Жалпы Қазақстан аймақтық және жаһандық саясатта белгілі қатысушы болып келеді",- деп атап өтті министр. "Біз тек табиғи ресурстарға бай және экономикасы табысты дамып келе жатқан ел ретінде ғана емес, аймақтық тұрақтылық, тұрқақты даму, сондай-ақ халықаралық істерге жауапты көзқарас факторы ретінде мүдделік танытатынымызды айтқым келеді",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны