27.10.2006, 09:18 3163

Қазақстан жастары "Отан" партиясының бағдарламасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын әзірлейді

АЛМАТЫ. 27 қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан аймақтарында республикалық науқан басталды, басты мақсаты -"Отан" саяси партиясының бағдарламасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар мен кеңестер жинақтау, деп хабарлады, науқанды ұйымдастырушы "Жастар таңдауы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері.

Ұйымдастырушылар "Асар" мен "Отан" ірі саяси партиялардың біріккенін айта кетті. Осыған байланысты жаңадан құрылған "Отан" партиясы өзінің бағдарламасын реформалап, партияның жақтаушылары мен қолдаушыларының талаптарына лайықты етіп жасауды ұйғарды",-дейді "Жастар таңдауы" бірлестігінің өкілдері.

Сонымен қатар науқанды ұйымдастырушылар , "Отан"партиясы төрағасының орынбасары, "Жастар таңдауы" қамқоршылар кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жастар бірлестігінің төртінші республикалық конференциясында айтқан: "Біз "Отан" партиясының жастар партиясы болғанын қалаймыз", деген сөзін еске салды. "Мен "Отан" партиясының болашағын жастармен, жас саясаткерлермен байланыстырамын", деді Д.Назарбаева.

"Жастар таңдауы" бірлестігінің таратқан баспасөз хабарламасында "Жастар жыл өткен сайын, қай салада болмасын белсенділігін арттыруда, оның ішінде саясатта да. Сондықтан да жастар осындай ірі, бірлескен партияның ісіне араласуы тиіс", деп көрсетілген.

Науқанды ұйымдастырушылар "дөңгелек үстел" өткізбек. Онда, партия бағдарламасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады, сонымен қатар жастар арасында анкета жүргізіп, тілек, талаптар жинау жоспарда бар. Соңынан барлық ұсыныс, кеңестер партияның редакциялық комиссиясына ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны