28.08.2009, 15:34 2811

Қазақстанда Кедендік одақтың Кедендік кодексінің жобасы жасалып аяқталды

Қазақстанда Кедендік одақтың Кедендік кодексінің жобасы жасалып аяқталды

Астана. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағының Кедендік кодексінің жобасы жасалып аяқталды, таяу уақыттарда жоба мемлекетішілік келісу процедураларын жүргізуге жолданады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда Кедендік одақтың Кедендік кодексінің жобасы Кедендік процедураларды жеңілдету және үйлестіру жөніндегі халықаралық конвенцияның (Киото конвенциясы) ережелеріне негізделген.

"Бүгінгі жағдаймен Кедендік одаққа мүше елдерден Қазақстан ғана Киото конвенциясына біріккен. Кедендік одақтың Кедендік кодексінің жобасын жасау жұмыстарына жалпы басшылық жасау Қазақстан жағына тапсырылған", - делінген хабарламада.

"Кедендік одақтың Кедендік кодексінің жобасының бірінші нұсқасы 2009 жылдың 22 мамырында дайын болды. Кедендік кодектің жобасы әрбір тараптың мүдделі министрліктері мен мекемелерімен келісілген", - деп хабарлайды комитет.

Қазір тараптардың ұстанымы талқылану үстінде, бұдан кейін Кедендік кодектің жобасы мемлекетішілік келісу процедураларын жүргізуге жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны