15.05.2007, 16:08 2834

Қазақстанда мемлекеттік хатшы ауысты

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда мемлекеттік хатшы ауысты. Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы тағайындауға байланысты Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен және Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Оралбай Ибдікәрімов ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны