10.10.2006, 10:36 3199

Қазақстанда өкілетті органдар құзыретін кеңейту 2007 жылдан 2011 жылдар аралығында кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда

АСТАНА. 10 қазан. Kazakhstan Today. Қазақстанда өкілетті органдар құзыретін кеңейту 2007 жылдан 2011 жылдар аралығында кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Ауыл" партиясының жетекшісі Ғани Қалиев мәлімдеді.

Ғ.Қалиев отырыс барасында өкілетті органдардың құзырын кеңейтуге қатысты жұмысшы топтың ұсыныстарымен таныстырды.

Атап айтқанда, жұмысшы топ мүшелері, премьер министрді парламенттің келісімімен ҚР президенті тағайындап, қызметінен босататын норманы енгізуді ұсынады. Сондай ақ, үкімет мүшелерін де парламент келісімімен және олардың кандидатуралары жеке комитеттерде қаралғаннан кейін ҚР президенті тағайындауы тиіс.

Оған қоса, жұмысшы топ мүшелерінің пайымдауынша, үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарының басшыларын және ұлттық холдинг пен компания жетекшілерін мәжілістің келісімімен үкімет тағайындап, қызметтерінен босатуы керек. Бас прокурор, ҰҚК төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы парламент палаталарының біріккен отырысында Елбасының таныстыруымен тағайындалуы тиіс.

Сондай ақ, Ғ.Қалиев мәжіліс депутаттарының санын 134, ал сенат депутаттарын 68 адамға көбейтуды ұсынды. "Ир облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілетті органдар депутаттарының біріккен отырысында сенатқа үш адамнан сайлануы қажет",- дейді жұмысшы топ жеткешісі. "Қалған 20 депутатты президент тағайындайтын болады",-деді ол.

Жұмысшы топ мүшелері республикалық бюджет қос палата отырысында бекітілуі тиіс деп есептейді. Халық қалаулыларына бюджетке өзгерту және толықтыру енгізу құқығы беріліп, оның орындалуын қадағалау міндеті де жүктелмек. Парламенттің қос палата отрысында үкімет есеп беретін болады деп жоспарлануда. "Есеп қабылданбаса, үкіметке деген сенімсіздікті білдіреді", дейді Ғ.Қалиев.

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарына байланысты жұмысшы топтың өкілетті органдар құзыретін кеңейтуге қатысты жасаған ұсыныстарын пысықтау қажеттігі айтылды. Қорытынды құжат комиссия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа осы жылдың желтоқсан айында ұсынылатын болады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің келесі отырысы қараша айының соңында өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны