28.09.2009, 18:20 3115

Қазақстанға 2 қазанда бразилиялық бизнес-делегация келеді

Қазақстанға 2 қазанда бразилиялық бизнес-делегация келеді

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанға 2 қазанда Бразилия Федеративтік Республикасының Даму, өндіріс және халықаралық сауда министрінің орынбасары Иван Жоао Гимараес Рамальо бастаған бразилиялық бизнес-делегация келеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Делегация құрамына Бразилияның авиация, тау-кен өндірісі, энергетика, металлургия, телекоммуникация, медицина, химия және ауыл шаруашылығы салалары мен жеңіл өнеркәсіп, оның ішінде жиһаз, мата тоқу, аяқ киім, тері және фармацевтика саласының өкілдерінен тұратын 40-тан астам іскерлері кіреді.

Бразиялиялық делегацияның сапары барысында 2 қазанда ҚР Индустрия және сауда министрлігі "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасымен бірлесіп, Астанада қазақстандық мемлекеттік органдары мен іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өткізеді. Бизнес-форум аясында қазақстандық және бразилиялық іскер топтардың тікелей байланыс орнатуы мақсатында секцияларға бөлінген дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны