25.05.2010, 10:19 2673

Қазақстанға француз бизнес-делегациясы сапармен келеді

Қазақстанға француз бизнес-делегациясы сапармен келеді

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанға 25 және 28 мамыр аралығында Франция президентінің арнайы өкілі, сенатор Эмери де Монтескьенің басшылығымен француз бизнес-делегациясының сапары күтілуде. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Делегацияның құрамына Қорғаныс министрлігінің, Ауыл шаруашылықты дамытудың халықаралық ассоциациясы, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, білім беру, технологиялар алмасу, энергетика, сумен қамтамасыз ету мен ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар ірі компаниялардың өкілдері кіреді.

Сапардың басты мақсаты болып ынтымақтастықтың келешегі мол бағыттарын анықтау табылады.

Жоспар бойынша делегация Астана және Алматы қалаларында болып, отандыө министрліктер, ұлттық компаниялар басшыларымен бірқатар келіссөздер өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны