05.10.2009, 18:00 3093

Қазақстанға Нидерланды корольдігінің Энергетика және экономикалық істер министрі Мария ван дер Хоевен ханым келмек

Қазақстанға Нидерланды корольдігінің Энергетика және экономикалық істер министрі Мария ван дер Хоевен ханым келмек

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанға 5-7 қазанда Нидерланды корольдігінің Энергетика және экономикалық істер министрі Мария ван дер Хоевен ханым келмек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ресми өкілдің хабарлауынша, сапар мақсаты Қазақстан мен Нидерланды арасындағы энергетика саласындағы серіктестікті нығайту болып табылады.

Сапар барысында голландиялық министр еліміздің ресми тұлғаларымен кездесіп, энергия көздерін сақтау жөніндегі семинар жұмысын ашады.

"Сапар шеңберінде Мария ван дер Хоевен ханым "Мұнай-газ" КИОГЕ - 2009" атты конференцияға және халықаралық көрмеге қатысып, 20- дан аса голландтық компаниялардың жұмысы көрсетілетін павильонның ашылу рәсімін өткізеді. Сонымен қатар, министр студенттерге лекция оқып, Қашаған кен орнына барады",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны