04.09.2006, 17:24 3212

Қазақстанға Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі СІМ-нің орынбасары келмекші

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің 4 мен 6 аралығында

Қазақстанға Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі СІМ-нің орынбасары - Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі Джефф Хун келмекші, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар етуінше, сапар аясында Дж.Хун Ұлыбритания елшілігі ұйымдастыратын бірқатар шараларға қатысады. Атап айтсақ, ол Ұлыбританияда жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандық түлектер мен басқа да елшіліктің достарын қабылдау шарасына, саяси партиялар мен бейресми ұйым өкілдері шақырылған "Climate Security Event" атты "дөңгелек үстел" - семинарға, Қазақстандағы ұлыбританиялық бизнес өкілдерімен кездесуге қатысады.

"Ұлыбритания СІМ орынбасарының елімізге сапары Қазақстан мен осы ел арасындағы ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелеріне шолу жасай талқылауға қолайлы мүмкіндік болып табылады. Сапар аясында еліміздің 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға үміткер ретінде ниет білдіруі мен мемлекет басшысының 2006-жылғы қараша айында Ұлыбританияға жасайтын сапарына дайындық жайы талқыланады",- деді СІМ өкілі.

Сонымен бірге Е.Ашықбаевтың айтуынша, 7-8-қыркүйекте елімізге Ұлыбританияның консерваторлар партиясынан жасақталған "көлеңкедегі" үкіметінің сыртқы істер министрі, Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасының депутаты Уильям Хейг мырза да келеді деп күтілуде.

"У.Хейгтің сапары таныстық сипатында. Алайда, талқыланатын басты тақырыптар арасында Орталық Азия аймағына қатысты геосаяси мәселелер мен Қазақстанның саясатындағы басымдықтар бар",- деді Е.Ашықбаев. Оның айтуынша, У.Хейгтің Қазақстанға сапары кезінде Лордтар палатасының мүшесі, Консервативтік партиясы төрағасының орынбасары Лорд Ашкрофт мырза онымен бірге жүреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны