14.02.2012, 17:04 3626

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттық фракциясы бір топ қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясы "Ұлы дала", "Ұлт тағдыры" қозғалыстары, "Иділет" тарихи-ағарту қоғамдық бірлестігі, "Болашақ" жастар бірлестігі бастаған бір топ қоғамдық ұйым өкілдерімен кездескен.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттық фракциясы бір топ қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясы "Ұлы дала", "Ұлт тағдыры" қозғалыстары, "Иділет" тарихи-ағарту қоғамдық бірлестігі, "Болашақ" жастар бірлестігі бастаған бір топ қоғамдық ұйым өкілдерімен кездескен.

Кездесуде тараптар мемлекет, қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын талқылады. Соның ішінде, "Алаш" құндылықтары, қазақ халқының тағдыры мен тарихын, ұлттық мүддесі мен ұлттық құндылықтарын, тілі мен ділін сақтап, жаңғыртып, дамыту жайы кеңінен талқыланды.

Партия Төрағасы Азат Перуашев: "Ақ жол" партиясы үшін ұлттық құндылықтар - негізгі басымдық. Барлығымыз да ел бірлігі мен мемлекет тұтастығына, біздің туған халқымыздың әлеуметтік, рухани дамуына, игілігіне қызмет етуге тиіспіз. Бүгінгі сіздермен кездесу "Ақ жол" партиясы мен ұлттық-патриоттық күштер арасындағы ынтымақтастықтың, қарым-қатынастың заңды жалғасы. Бұдан әрі сіздер мен біздер осы бағыттағы іс-шараларды бірлесіп іске асырамыз деп ойлаймын",- деді.

"Алаш Орда" қайраткерлері ХХ ғасырдың басында-ақ ұлттық бірлікті, экономикалық даму мен либералды-демократиялық құндылықтарды бірінші орынға қойды. Олардың ұлттық дәстүр мен еуропалық, әлемдік өркениетті ұштастырып, білімді, мәдениетті, озық ел қалыптастыру идеясы бүгінгі "Ақ жол" партиясының мақсат-міндетімен үндесіп жатыр" - деді, А.Перуашев.

Бұдан кейін сөз алған "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Дос Көшім, "Болашақ" жастар ұйымының төрағасы Дәурен Бабамұратов "Ақ жол" партиясының мемлекетшіл, ұлтжанды бастамаларына әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Жиын соңында Қазақстан мемлекеті мен қазақтың ұлттық құндылықтарын ұлықтап жүрген ұйым өкілдері мен тұлғалар "Ақ жол" партиясына "Қазақ халқының аманаты" аясында жұмыстың басталғандығын және партияның ұлттық күштермен біріге отырып, "Алаш аманаты" комитетінің құрылғандығын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны