06.08.2012, 10:27 4776

Қазақстанның БСҰ кіруі жөніндегі келіссөздер 2012 жылдың соңына дейін аяқталады

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі - республикамыздың маңызды сыртқы экономикалық басымдықтарының бірі болып табылады. 2012 жылы ұйымға қатысушы мемлекеттермен екі жақты негізгі келісөздер өткізілуде.

Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның БСҰ кіруі жөніндегі келіссөздер 2012 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі - республикамыздың маңызды сыртқы экономикалық басымдықтарының бірі болып табылады. 2012 жылы ұйымға қатысушы мемлекеттермен екі жақты негізгі келісөздер өткізілуде.

ҚР Экономикалық интеграция жөніндегі министрлігінің ақпарына қарағанда, Қазақстанның БСҰ кіруі жөніндегі екі жақты және көп жақты келіссөздер жүргізу 2012 жылдың соңына дейін аяқталады.

І жартыжылдықта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, Қазақстанның Аргентинамен және Сауд Аравиясымен Бүкіләлемдік сауда одагығна кіруі туралы екі жақты келіссөздер аяқталды.

Бүгінгі күні Қазақстан тауар және қызмет нарығына қол жеткізу бойынша қазақстандық нарыққа қызығушылық танытқан БСҰ мүшесі болып табылатын барлық елдермен екі жақты келіссөздерді аяқтады. Олардың ішінде - Қырғызстан, Грузия, Пәкістан, Түркия, Қытай, Корея, Оман, Жапония, Куба, Мексика, Норвегия, Доминикан Республикасы, Болгария, Швейцария, Египет, Израиль, Бразилия, Малайзия, Канада, Аустралия, Үндістан, Эквадор, Эль-Сальводор, АҚШ, ЕС, Гватемала, Аргентина, Сауд Аравиясы бар.

Сонымен қатар, Кеден одағы шеңберіндегі міндеттемелерге сай, тауарлардың тарифтік ставкаларын түзету қажеттігін ескеріп, 2012 жылдың қазан айына дейін Қазақстанның БСҰ кіруі жөніндегі Жұмыс тобының бірқатар мүшелерімен келіссөздер жүргізуді аяқтау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Қазақстанның БСҰ кіруі шеңберінде ЕО арналған сезімтал тауарларға қатысты Қазақстанның экспорттық кеден салығын қолдануына байланысты мәселелер жөніндегі Еуропалық одақпен екі жақты келіссөздер де аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны