01.08.2012, 13:42 3318

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) енуі қарсаңында Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу жоспарлануда

Қазақстанда отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу ұсынылуда, деп хабарлады "Kaznex Invest" Экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 1-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) енуі қарсаңында Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу ұсынылуда, деп хабарлады "Kaznex Invest" Экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) енуі қарсаңында біз өзіміздің сауда саясатымызды күшейтіп және кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілетттілігін, олар сыртқы нарықта бәсекеге түсе алатындай деңгейдегі даму бағытында қайта қарауымыз керек. Біз қазір халықаралық тәжірибе үлгісімен Қазақстанның экспорттық стратегиясын әзірлеуді ұсынудамыз", - деді М.Майкенов.

"Kaznex Invest" төрағасының орынбасары атап айтқандай, аталған стратегия шеңберінде әлемдік сауда үрдістері сарапталып, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге қажетті көмек жасалды.

Сонымен қатар, Ұлттық экспорттық стратегия қазақстандық тауарларды жылжытудың нақты бағыттарын нұсқауы, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың көлемі мен жылжыту құралдарын анықтауы қажет.

"Kaznex Invest" мәліметтеріне қарағанда, 1500 қазақстандық компания өз тауарларын экспортқа шығаруға қолдау алған, олардың ішінде 400-дей компания "Экспортер-2020" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп тұрған экспортшылар боп саналады.

Бүгінгі күні, сервистік қызмет көрсетудің жартыжылдық қорытындысы бойынша 80 млн АҚШ долларына экспорттық келісім жасалған. Жалпы алғанда, "Kaznex Invest" агенттігінің өткен үш жылғы жұмыс қорытындысы бойынша 620 млн АҚШ долларына экспорттық келісімдер жасалған екен.

"Ұлттық эскпорттық стратегия қазақстандық экспортты алға жылжытудың кешенді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Стратегияның негізгі мақсаты щикізат емес экспорттың үлесін артырып, Қазақстандағы экспортқа бағытталған кәсіпорындардың санын арттыру", - деп аяқтады сөзін Мейіржар Майкенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны