01.02.2010, 18:03 2985

Қазақстанның мемлекеттік хатшы әрі сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы өзара стратегиялық серіктестік жайлы талқылайды

Қазақстанның мемлекеттік хатшы әрі сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы өзара стратегиялық серіктестік жайлы талқылайды

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қанат Саудабаев 2-4 ақпан аралығында АҚШ-қа ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ақ үйдегі әкімшілік және Мемлекеттік департамент басшылықтарымен, АҚШ Конгрессінің беделді мүшелерімен болатын кездесулерде Астана мен Вашингтон арасындағы стратегиялық серіктестік, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қатынас орнатқан кезден бері өзара тиімді ықпалдастықтың бірқатар бағыттары бойынша стратегиялық үнқатысуға қол жеткізген болатын.

Вашингтонда отандық дипломатияның жетекшісі АҚШ-тың Хельсинки Комиссиясында және беделді "Atlantic Council" зерттеу орталығында американдық саясаткерлер мен сарапшылар алдында сөз сөйлеп, бірқатар ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен кездеседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны