01.08.2008, 13:11 1286

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге қажетті барлық құжаттардың жобасын жасап қабылдады

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге қажетті барлық құжаттардың жобасын жасап қабылдады

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттің сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге қажетті барлық құжаттардың жобасын жасап қабылдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті сайлау құжаттары, нормативтік-құқықтық актілер мен тиісті әдістемелік материалдарды жасап, қабылдап, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жолдады", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

ҚР ОСК басшысының хабарлауынша, 8 тамызда ОСК "сайлауды ұйымдастырушылармен семинар-кеңес өткізеді, ол алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мәселелеріне арналады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны