25.04.2013, 11:23 123667

Қазақстанның премьер-министрі С.Ахметов БР Президенті А.Лукашенкомен кездесті

С.Ахметов А.Лукашенкоға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың игі тілегі мен сәлемін жеткізді.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Беларусь Республикасына ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осы елдің Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С.Ахметов А.Лукашенкоға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың игі тілегі мен сәлемін жеткізді.

С.Ахметов айтқандай, "Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, екі ел басшылары негізін қалаған ынтымақтастық бүгінде оң сипат алуда".

Өз кезегінде, А.Лукашенко екі елдің өзара байланыстары үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

"Қазақстан Беларусь үшін болашағы зор әріптес болып табылады, сіздің елмен ынтымақтастығымыз біз үшін үлкен игілік", - деді БР Президенті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты, сонымен қатар Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны