29.03.2010, 17:48 3193

Қазақстанның сыртқы істер министрі Шығыс Еуропа елдерінде сапары барысында Приднестровье шиеленісін шешу перспективасы жайлы талқылайды

Қазақстанның сыртқы істер министрі Шығыс Еуропа елдерінде сапары барысында Приднестровье шиеленісін шешу перспективасы жайлы талқылайды

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның сыртқы істер министрі Шығыс Еуропа елдерінде сапары барысында Приднестровье шиеленісін шешу перспективасы жайлы талқылайды. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Наурыздың 30 мен сәуірдің 1-і аралығында ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Шығыс Еуропа елдерінде сапармен болады",- деді І.Омаров.

"Сапар барысында Минскіде, Киевте және Кишеневте Қ. Саудабаев үш мемлекеттің басшылығымен, парламент жетекшілерімен, сондай-ақ сыртқы саясат ведомствосы өкілдерімен, саяси партиялардың басшыларымен келіссөздер жүргізетін болады",- деді ол.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, "аталған сапар аясында ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Тирасполь қаласында болады деп күтілуде. Онда Приднестровье шиеленісін шешу перспективасы мен оған қатысты өзекті мәселелер талқыланады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны