28.11.2012, 17:49 7425

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев еліміздің демократиялық мемлекетке айналуын қамтамасыз етті

Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институты" конференциясында мәлім етті.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев еліміздің демократиялық мемлекетке айналуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институты" конференциясында мәлім етті.

"Еліміздің қысқа ғана мерзім ішінде 90-шы жылдардың басындағы экономикалық және саяси құлдыраудан кейін қазіргі заманғы нарықтық экономикасы қарқынды дамыған, демократиялық құрылымы қалыптасқан, саяси тұрақты, этноконфессионалды келісімі мен халықаралық беделі танылған әлеуметтік мемлекетке айналуын қамтамасыз еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық серпіннің авторы болды", - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол бүгінде Елбасының стратегиялық бағытын бағдарға ала отырып, өз дамуымыздың үшінші кезеңіне және жаңғыртудың онжылдығына енеміз, ал "Қазақстан дамуының стратегиясы-2020" бағдарламасына енгізілген қайта құрулар республика дамуына жаңа серпін беріп, елді жаңғыртудың орасан зор бағдарламасын іске асыру республика дамуына жаңа серпін беретін елді жаңғыртудың орасан зор бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік жасайды деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның жетістіктері мен жеңістерін және ҚР бірінші президенті Н.И.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдардағы рөлін, Астананың халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуын айырықша атап өтті.

"Енді бірнеше жылдан кейін біздің жас елордамыз "ЭКСПО-2017" қонақтарын қарсы алатын болады. Бұның өзі біздің еліміздің және Елбасымыздың жеңісі",- деді "Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары.

Сөз соңында ол биыл бірінші рет аталып отырған Бірінші Президент Күні Қазақстан халқының елбасына деген қалтқысыз сенімі мен құрметі екенін атап өтті.

"Біздің еліміз бен халқымыздың барлық табыстары, өткендегі және қазіргі жетістіктері, сондай-ақ келешектегі жеңістері Тұңғыш Президент, Елбасы, Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Сондықтан, барлық қазақстандықтар осы шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекеге өз Елбасымызға еліміздегі бейбітшілік пен келісім үшін, жайлы және бақуатты тұрмысымыз үшін алғысымызды білдірудің, және ең бастысы өз болашағымызды тек соның атымен байланыстыратынымызды көрсетудің мүмкіндігі ретінде қарайды", - деп аяқтады сөзін Б.Сағынтаев.

Бүгін Астанада "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институты" халықаралық конференция өтті, оған Қазақстанның, Ұлыбританияның, ҚХР-ның, АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның және Түркияның саясаткерлері мен сарапшылары қатысты. Талқылаудың басты тақырыбы президенттіктің қазақстандық үлгісі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны