25.02.2008, 17:42 2617

Қазақстанның вице-премьері Оңтүстік Кореяның жаңа президентімен ынтымақтастықтың болашағы жайлы талқыламақ

Қазақстанның вице-премьері Оңтүстік Кореяның жаңа президентімен ынтымақтастықтың болашағы жайлы талқыламақ

Астана. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шүкеев Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Ли Мен Бакпен екіжақты ынтымақтастықтың болашағы жайлы талқылайды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Е. Ашықбаев атап көрсеткендей, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы елшісі ретінде Ө. Шүкеев Сеул қаласында өткен Корея Республикасының президенті Ли Мен Бакты ұлықтау рәсіміне қатысқан. "26-ақпан күні Ө. Шүкеевтың президент Ли Мен Бакпен жеке кездесуі жоспарланған", - деп толықтырды Е. Ашықбаев.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі "Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай қарқынды дамып келеді, саяси диалогтың, ауқымды экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етіліп отыр", - деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасына енгізген Корея инвестициясының көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраған. 2007 жылы өзара сауда көрсеткіші 843,3 млн АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны