12.10.2012, 11:04 3037

Қазақстан-Түркия бизнес-форумының қортындысы бойынша жалпы сомасы 1 млрд-қа жуық АҚШ доллары болатын 13 екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Анкара. 12-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан-Түркия бизнес-форумының қортындысы бойынша жалпы сомасы 1 млрд-қа жуық АҚШ доллары болатын 13 екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы іскерлік серіктестіктің дамуына ертең өтетін Қазақстан-Түркия бизнес-форумы үлкен мүмкіндік ашатынын айтты. Бизнес-форумға қазақстандық компаниялардың 50-ге жуық өкілі және Түркиядан кәсіпкерлік құрылымдардың 600 өкілі қатысады деп күтілуде. Форум аясында жалпы сомасы 1 миллиардқа жуық АҚШ доллары болатын 13 екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны