23.10.2009, 18:28 2969

Кедендік одақ Қазақстанда 2011 жылы Азия ойындарын өткізуге арнап тауарлар жеткізуге жеңілдіктер береді

Кедендік одақ біртұтас преференциялар жүйесін бекітіп, Сочиде 2014 жылы Олимпиада ойындарын, Қазақстанда 2011 жылы Азия ойындарын өткізуге және оған дайындалуға арнап тауарлар жеткізуге жеңілдіктер береді.

Алматы. 23 қазан. Kazakhstan Today - Кедендік одақ Қазақстанда 2011 жылы Азия ойындарын өткізуге және оған дайындалуға арнап тауарлар жеткізуге жеңілдіктер береді. Бұл туралы бүгін РФ Экономикалық даму министрлігінің сыртқы экономикалық қызметті реттеу және талдау департаментінің директоры

Алексей Лихачев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

А. Лихачевтың айтуынша, Кедендік одақ біртұтас преференциялар жүйесін бекітіп, Сочиде 2014 жылы Олимпиада ойындарын, Қазақстанда 2011 жылы Азия ойындарын өткізуге және оған дайындалуға арнап тауарлар жеткізуге жеңілдіктер береді.

Оның айтуынша, Кедендік одақ аясындағы кедендік преференциялар жүйесі жинақтау (кумулятивтік) принципі бойынша жұмыс істейді.

"Біртұтас преференциялар жүйесін де мемлекет басшылары бекітеді. Біз бірінші кезеңде жинақтау (кумулятивтік) принципі бойынша құрдық және одан болып бір ел де зардап шекпейді", - деді А. Лихачев. Жеңілдіктер жүйесі де осындай принциппен бекітілді, бірақ оның аясында жұмыс істемейтін жеңілдіктерді қамтитын белгілі бір тұстары алынып тасталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны