20.12.2009, 09:38 2564

Кедендік одаққа қатысушы елдердің президенттері Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

Кедендік одаққа қатысушы елдердің президенттері Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы маңындағы "Ақбұлақ" кешенінде кеше ТМД елдерінің бірқатар мемлекет басшыларының бейресми саммитінің отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыға саммитке қатысу үшін Ресей президенті Дмитрий Медведев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Армения президенті Серж Саргсян, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов келді.

"Мен Алматы маңындағы осы тамаша жерге келгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Біз ортақ мүдделерге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасу үшін жиналып отырмыз", - деді Қазақстан президенті отырысты аша отырып. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша саммитте өңірлік қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Мемлекет басшылары сондай-ақ алдағы уақыттағы Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Саммитте Кедендік одаққа қатысушы елдердің президенттері - Қазақстаннан Нұрсұлтан Назарбаев, Ресейден Дмитрий Медведев пен Беларусьтан Александр Лукашенко Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны