06.07.2007, 13:37 2507

Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттардың топтамасын ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары 2007-жылғы қазан айында өтетін саммитте қарайды деп күтілуде - ҚР Индустрия және сауда министрі

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттардың топтамасын ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары 2007-жылғы қазан айында өтетін саммитте қарайды деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей Федерациясының Интеграциялық комитеті мүшелерінің Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі кеңесі барысында журналистерге сұхбат берген ҚР Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазан айының басында ЕурАзЭҚ мемлекет басшыларының саммитін өткізу межеленген. Аталған құжаттардың бәрін біз осы саммитте қол қоюға беру үшін дайындап жатырмыз", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның айтуынша, аталмыш құжаттарды келісу үшін қажетті мемлекетішілік шаралар "шамамен бір уақытта өткізіледі, ешкім де алға суырылып озбайды, өйткені, бұл құжаттанға қатысты кейбір техникалық және принциптік ескертулер бар".

ҚР Индустрия және сауда министрінің хабарлауынша, 6-тамызда сарапшылар деңгейіндегі тағы бір кездесу өтеді, " оның барысында нақты құжаттар бойынша үш жақтың барлық қалған ескертпелері пысықталады". "Бұдан кейін қыркүйектің басында Ресей мен Беларусь вице-премьерлері, ҚР Индустрия және сауда министрі мен ЕурАзЭҚ бас хатшысы Мәскеуде немесе Минскіде бас қосып, Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттардың ақырғы рет пысықтап, қазан айында ЕурАзЭҚ мемлекет басшыларының саммитіне шығаруға дайындайды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны